Біз
әлеуметтік
желіде
02-06-25 |
370 рет қаралған
Шерзат Полаттың ісі: Сотта маңызды айғақ жоғалып кетті.
Шерзат Полаттың ісі: Сотта маңызды айғақ жоғалып кетті

Іс материалдарынан күтпеген жерден №5825 дискідегі бейнежазба жоғалып кетті. Онда тергеу изоляторында айыпталушылар Нұркияс Ильяс пен Абзал Шынасыл арасында болған әңгіме жазылған делінеді. Олар Шерзаттың қаза тапқан түні болған оқиғаларды талқылаған болуы мүмкін.

Бұл бейнежазба туралы марқұмның жақындарының адвокаттары айтып берді. Олардың мәліметінше, тергеу изоляторында жасырын орнатылған бейнекамера арқылы жазылған бұл диалогтың стенограммасы сотта оқылды (дәлме-дәл аударма):

— Ана әйелдің көзі қысық қой, бауырым, — дейді Абзал.

— Досым, байқамаппын, — деп жауап береді Нұркияс.

— Ол ішке қарап тұрды… Ал егер басқа жаққа қараса ше? Қалай болды өзі, машиналар бізге соқтықпады ғой, ә? Мен таспен ұрдым.

— Мен де ұрдым.

— Дәл бір жерге тиді. Мен тас алып едім, олар бірінің артында бірі тұрған. Ана жақта да машина бар еді. Мен лақтырдым, дәл осында тиді.

— Бірақ сен аттым деп айтпадың ғой. Мүмкін, ұмытып кеткен шығарсың. Айтпа.

Адвокат Бағдагүл Әжіғалиева айыпталушыларға сұрақ қоймақ болғанда, олар бұл сөздерді өздері айтпағандарын бірден кесіп айтты. Жәбірленуші тарап соттан №5825 дискідегі түпнұсқа бейнежазбаны тыңдауды сұрады.

Алайда сот материалдарының арасынан ол диск табылмады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.