Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы полиция қызметкері кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департаменттің мәліметінше, 16 жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Сонымен қатар, А. Жұмағұлов ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылғанын хабарлаймыз», – делінген ведомство хабарламасында.