arasha.kz

ШҚО-да еріген қар суы бірнеше ауылдың жолын басып қалды

Еріген қар суы Тарбағатай ауданында бірнеше ауылдағы автожолдан асу жағдайы орын алған.

Аудан әкімдігінің мәліметінше,  Жаңалық ауылының  жанынан тасқын су ағыны өтуде.

«2024 жылдың 20 наурызы күні Тарбағатай ауданында ауа температурасының күрт көтеріліп,  жауын-шашынның  түсуіне байланысты Жаңалық ауылының  жанынан тасқын су ағыны өтуде. Таулардан еріген суы Маңырақ ауылының жоғарғы жанындағы бөгетті жағалап өтіп,  Ақжар-Шілікті автожолының бойымен Жаңалық ауылына қарай  ағып  өтуде. Сондай-ақ Ақжар-Құйған, Ақжар-Жетіарал автокөлік жолдарының бірнеше бөлігінен су асу жағдайы орын алды. Төтенше жағдайдың алдын алуға аудан әкімдігінің, ТЖБ бөлімінің, ПДУ-3, Ақжар, Құйған, Жетіарал  әкімдігінің қызметкерлері, және 5 техника 50 адам   тартылды», – делінген әкімдік хабарламасында. 

Қазір ауданда тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, деп сендірді әкімдіктегілер.

«Жаңалық ауылына және облыстық маңызы бар Шілікті-Ақжар жолына бүліну-зақым келген жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жаңалық, Құйған, Жетіарал ауылы тұрғындарына қауіп жоқ», – делінген хабарламада.

Тосын оқиғалар жоқ. Аудандық және облыстық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары барлық бағыттар бойынша ашық. Жылудың, судың және энергиямен жабдықтаудың апаттық тоқтауы болған жоқ. Табиғи-техногендік сипаттағы ТЖ туралы хабарламалар түскен жоқ.

Exit mobile version