Өскемен қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт орын алды.
Өрт сөндіру бөлімшелері түтін аймағынан 15 тұрғынды, оның ішінде 5 бала эвакуациялады.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.