
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 18 шілде сағат 15:10 шамасында Үржар ауданы «Мақаншы-Жалаңашкөл» автотрассасының 128/22 шақырымында болған.
Geely, Kia Sportage және Лада автөліктері соқтығысқан.
«Апат салдарынан Geely маркалы көлік жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ «Лада 21154-30″ маркалы автокөлік жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы оқиға орнында қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушісі мен Geely автокөлігінің жолаушысы дене жарақатымен Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді», – делінген ақпаратта.
Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі («көлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидасын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір оқиға орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025