Біз
әлеуметтік
желіде
15-05-25 |
100 рет қаралған
Шығыс Қазақстан облысында құбыр жөндеу кезінде жұмысшылар қаза тапты.
Шығыс Қазақстан облысында құбыр жөндеу кезінде жұмысшылар қаза тапты

Үлкен Нарын ауылында жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, коммуналдық қызметтің екі қызметкері қаза тапты. Олар су құбыры жарылған жерді жөндеп жатқан.

Топырақ астында қалып қойған дәнекерлеуші Ержан Айтпаев пен слесарь Сергей Кастерин – екеуі де «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының жұмысшылары болған.

Оқиға болғаннан кейін ауылға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов барды. Ол төтенше жағдайдан кейін арнайы комиссияға өндірістік және еңбек қауіпсіздігі саласындағы ережелерді қайта қарауды тапсырды.

• Фото: ШҚО әкімдігі.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.