Өткен жылдың жазында өз жиенін өлтірген әйел 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс материалдарына сәйкес, қыз тәтесін ашуландырған. Осыдан кейін әйел баланың қол-аяғын байлап, есінен танғанша ұрып, су толы ваннаға тастап жіберген. Үш жасар қыз суға батып кеткен.
Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бұл істі қасақана кісі өлтіру деп таныды. Бұл шешім баланың анасының куәгерлік көрсетпелерімен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдермен және басқа да іс материалдарымен расталды.
Айта кетейік, тәтесі өз кінәсін мойындамады. Ал қыздың анасы соттың мәліметінше, өзінің әпкесін кешіріп, оған қатаң жаза тағайындамауды сұраған.
-
27.01.2025
-
27.01.2025
-
27.01.2025
-
27.01.2025
-
27.01.2025
-
27.01.2025
-
27.01.2025
-
27.01.2025
-
27.01.2025