04-11-24 |
1570 рет қаралған
Шымкентте әйел өзіне-өзі қол жұмсамақ болды.
Шымкентте әйел өзіне-өзі қол жұмсамақ болды

Кеше 1972 жылы туған әйел тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің балконынан секірмек болған.

Оқиға орнына дереу жеткен ТЖМ құтқарушылары әйелмен сөйлесуге тырысты. Алайда ол ешқандай жауап бермеген.

«Құтқарушылар дереу құтқару шараларына кірісті. Өрт сөндірушілер кіреберіс арқылы пәтерге жетуге асықты, ал жүргізуші төртінші қабаттағы пәтердің балконына автосатыны орнатты. Осы уақытта көршілес тұратын 5-өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алпамыс Талипов әріптестеріне көмекке келді. Автосаты арқылы Алпамыс төртінші қабаттың балконына көтеріліп, жақтауға шығып, әріптестері пәтерге кіргенге дейін әйелді төменнен ұстап тұрды. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында әйел адам аман қалды», – делінген ТЖД таратқан мәліметте.

Құтқарылған әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.