20 қараша күні полицейлер қаладағы базарлардың бірінің маңында арыстанның күшігін сатпақ болған әрекетті анықтады.
Жедел уәкілдер жануарды Түркістан облысы тұрғынының автокөлігінің жүк салғышында тапты.
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелді.