Шымкентте шырақшы мұсылман зиратындағы құлпытасқа салынған суреттерді өшіріп, қоршауларды бұзып тастаған.
Өмір бойына мазар басында жұмыс жасаған шырақшы қылмыс жасадым деп ойламайды. Айтуынша, осылайша әруақтарға көмектеспек болған.
«Сурет пен ит бар жерге періште келмейді. Мұндайда аруаққа қанша құран бағыштап, құдайы ас берсең де, сауабы болмайды. Сондықтан біз түсінген адамға жақсылық жасап жатырмыз. Бұл уағызда айтылады. Біз имамдармен кеңесіп, көпшілікпен ақылдасып, осылай шештік», – дейді шырақшы Юлдаш Расулметов.
Бегілі болғандай, шырақшы өткен жылдан бастап құлыптастардағы бейнелерді өшірумен айналысқан. Және жақынын жерлеуге келгендерге де «бейнесі жоқ белгі қойыңдар» деп үгіттеген.
Қазір оқиғаға қатысты «өлген адамдардың мәйіттерін және олар жерленген жерді қорлау» бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024