14-05-24 |
2100 рет қаралған
Шымкентте полиция көлігінің қатысуымен жол апаты болды.
Шымкентте полиция көлігінің қатысуымен жол апаты болды

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы патрульдік полициясының қызметтік автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы тарады. Полиция аталған жайтқа қатысты түсінік берді.

Жайт 9 мамырда орын алған. Масаң хәлдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, жолда авариялық жағдай туғызған.

Оқыс оқиғаны болдырмау үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын қызметтік автокөлікпен жауып, нәтижесінде соқтығысу орын алды.

– Көрші облыстағы әріптестерімізден ұрланған көлік туралы бағдар түсті. Рулдегі адамның мас күйде екенін бірден түсіндік. Қауіпті жүргізушіні тоқтату жолын жаптық. Бұны жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қатысуымен қайғылы салдарды болдырмау үшін жасадық, азаматтардың амандығы үшін, – дейді офицерлер.

Көлікті масаң хәлде басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін ер адам жауапқа тартылды.

Автокөлікті ұрлау жайтын Түркістан облысының тәртіп сақшылары тергеуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.