Біз
әлеуметтік
желіде
18-06-25 |
450 рет қаралған
Шымкентте жолақысын төлеуді талап еткен автобус жүргізушісін аяусыз ұрып кеткен.
Шымкентте жолақысын төлеуді талап еткен автобус жүргізушісін аяусыз ұрып кеткен

36 жастағы жүргізуші Мақсат Жолаев қазір ауруханада жатыр. Оның айтуынша, оған тек жолаушы ғана емес, аялдамада күтіп тұрған екі досы да шабуыл жасаған. Бірақ қылмыстық жауапкершілікке тек бір адам тартылған.

Оқиға жүргізуші бір жолаушыға жолақысын төлеуді ескерткен соң басталған. Жолаушы жанжал шығарып, достарын көмекке шақырған. Жолаевтың айтуынша, біреуі басына балта, екіншісі бетіне кастетпен соққы жасаған.

«Бетім жарылды, есімді жоғалттым. Қасымда тек әйелдер тұрған, ешкім араласпады», – дейді ол.

Жәбірленуші есін жедел жәрдем көлігінде жиған. Бас-ми жарақатымен жансақтау бөліміне түскен.

«Науқасқа шұғыл көмек көрсетіліп, нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы – орташа ауыр», – деді дәрігер Ерлан Құрбанқожаев.

Полиция тек бір күдіктіні ұстағанын хабарлады. Оған қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Қалған шабуылдаушылар да жазалануы тиіс», – дейді Жолаев.

Ол – бұрынғы жедел жәрдем қызметкері, қазір қоғамдық көлікте жұмыс істейді. Отбасындағы жалғыз асыраушы, төрт баласы бар.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.