23-07-21 |
1300 рет қаралған
Әскери институттың курсантты жараланды.
Әскери институттың курсантты жараланды

Құрлық әскерлерінің әскери институтында бір курсанттың аяғына оқ тиді. Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр.

Әскери институтта бір курсанттың жараланғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан жазды. 

Қазақстанның қорғаныс министрлігі мұны растады және оқиғаның мән-жайын хабарлады.

«20 шілдеде Құрлық әскерлерінің Әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік сабақтары барысында курсанттардың бірі қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу себебінен еріксіз автоматты түрде оқ атылды. Оқ басқа курсанттың аяғына тиген», – делінген ресми хабарламада.

Жараланған адам шұғыл Алматы қаласының әскери клиникалық госпиталіне жеткізілген. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Ведомствоның мәлімдеуінше, курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Зардап шегушінің ата-анасы болған оқиғадан хабардар.

Қазіргі уақытта Әскери-тергеу басқармасы бұл факті бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.