Біз
әлеуметтік
желіде
26-06-25 |
210 рет қаралған
Солтүстік Қазақстандағы қытай кәсіпорнында жарылыс болды.
Солтүстік Қазақстандағы қытай кәсіпорнында жарылыс болды

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Ильичевка ауылындағы агроөнеркәсіптік кәсіпорында жарылыс болды. Бұл нысан Қытайдың «Айцзюй» корпорациясына тиесілі.

Жарылыс пен өрт болған сәтті жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған. Төтенше жағдайға жанармай шлангісінің үзілуі себеп болған.

«Алдын ала деректерге сәйкес, кәсіпорындағы екі жинақтаушы ыдыста жану мен жарылыс орын алып, кейін Volvo маркалы газ таситын көлік отқа оранған. Тоғыз адам зардап шекті, оның сегізі ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады СҚО Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта дәрігерлер түрлі дәрежедегі күйік пен жарақат алған зардап шеккендердің өмірі үшін күресіп жатыр.

Жараланғандар арасында Көкшетау қаласынан газ әкелген азаматтар мен көмекке келген құтқарушылар бар.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.