Швеция астанасында тағы да Құранды өртеу акциясы өтті. Қолына крест ұстаған белсенді Джейд Сандберг ұрандар айтып айқайлады.
Соңында ол акцияны 3 мамырда Мальмеде қайталайтынын мәлімдеді.
Түркияның A haber телеарнасы мұсылмандардың қасиетті кітабын қорлауға қатысты пікір білдіріп, бұл әрекетті сұмдық деп атады.
«Швеция астанасы Стокгольмде исламға қарсы шыққан Джейд Сандберг есімді әйел полицияның қорғауында Құран Кәрімді өртеп жіберген», – делінген хабарламада.