Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысы қаралды. Қазіргі кездегі жағдай туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады.
Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шеккен деп танылды. Олардың 17 295-де сараптама нәтижесі бар. Бір апта ішінде ресімделген қорытындылардың артуы 1 375 құрады. 2 245 нысанның құрылысын жүргізу, жылжымайтын мүлік нарығынан 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндағандай, ТЖ салдарынан баспанасынан айырылған азаматтарға тұрғын үй беру Қағидасына түзетулер енгізілуіне байланысты БҚО-да тұрғын үй саны 4 042-ден 6 061-ге дейін өсті.
Бүгінгі таңда елімізде 1 828 үйдің құрылысы басталды, бұл 81%-ды құрайды. Бұл ретте БҚО мен Ақмола облысында құрылыс жұмысы мен жұмылдырудың төмен қарқыны орын алуда. Ақтөбе облысы мен БҚО-да әлі күнге дейін 2 122 үй су астында қалып отыр. ТК қорытындыларының жоқтығына қарамастан, меншік иелері үшін тұрғын үй салу және сатып алу бойынша шаралар қабылдануда.
Жылжымайтын мүлкі жарамсыз деп танылған қазақстандықтар үшін 1 943 нысан сатып алынды. Бүгінгі таңда 1 772 үйдің иелері төлем алды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024