arasha.kz

Су тасқыны: азаматтардан 21 мыңнан аса өтініш түскен

Ахуалдық орталықтың диспетчерлері қоңырауларды 109 нөмірі арқылы қабылдайды. Күніне мыңнан астам қоңырау түседі. Қала тұрғындары құм әкеліп, ауладан су шығаруды сұрайды. Әрбір сұраныс өңделеді. Мұнда әрбір шақыру бойынша шешім қабылдауды үйлестіретін су тасқынына қарсы штаб жұмыс істейді.

«Қазіргі уақытта қалада Құрмыш, Мәскеу және Заречный аудандарында суды соратын 130 су сорғыш көлік жұмыс істейді. Қоңырау түскен бойда көліктерді көрсетілген мекенжайға жібереміз. Біздің экранда қазір жолда жүрген барлық көліктер көрсетіледі. Су басқан аумақтарда КамАЗ, экскаватор, трактор және басқа да ауыр техникалар жұмыс істейді. Біз сонда құм тасытамыз. Алаңда тосқауыл жұмыстары жүргізілуде, басқа аумақтарды су басып кетпес үшін бөгеттер орнатылуда», – дейді ахуалдық орталықтың басшысы Ерлан Мұқанов.

Бүгінде Ақтөбеде 11 бау-бақша ұжымы суда қалып отыр. Олар: «ЭКО», «Локомотив», «Кооператор», «Қарғалы», «Ақтөберентген», «Көктем» және т.б.

Сонымен қатар, ахуалдық орталықта су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарының өтініштерін тіркеудің электронды жүйесі – Qoldau darabala.kz әзірленді.

Ахуалдық орталық басшысының айтуынша, жүйеде өңірдегі су тасқынынан зардап шеккен және өтемақы төлеуге өтініш берген адамдардың деректері бар. Қазір мұнда 2646 өтініш тіркелген. Зардап шеккен адамға өтемақы төлеу туралы шешім қабылдайтын әрбір бөлімше бұл жүйеге қол жеткізе алады.

Exit mobile version