18-04-24 |
5430 рет қаралған
Су тасқыны кезінде жеті адам қаза тапты.
Су тасқыны кезінде жеті адам қаза тапты

ІІМ су тасқыны кезінде жеті адамның қаза тапқанын мәлімдеді, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сенат отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев бірнеше өңірде адам қаза тапқанын айтты.

«Атырау облысында төрт адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Аталған оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Қожаев.

Сонымен қатар, ол Абай облысы Аягөз ауданында тракторда қаза тапқандарды су тасқынынан зардап шеккендер қатарына қосты.

«Осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша шешім қабылдануда. Оларды да су тасқынынан зардап шеккендерге қосу керек», – деп қосты ол.

Қазақстанда болған су тасқыны соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқыны деп аталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.