02-04-24 |
2500 рет қаралған
Су тасқыны: «Қазавтожол» мамандары мен полицейлер жолаушыларды құтқарды.
Су тасқыны: «Қазавтожол» мамандары мен полицейлер жолаушыларды құтқарды

Абай облысынағы «Омбы-Майқапшағай» халықаралық жолының «Қалбатау-Майқапшағай» бөлігіндегі тас жолды су шайып жатыр. Салдарынан көліктердің өтуі қиындаған.

Кешелі бері «ҚазАвтоЖол» мекемесінің мамандары мен жергілікті полиция үш автобус пен 30 ға тарта жеңіл көлікті су басқан жерлерден өткізген. 72 жолаушы құтқарған. Оның 19-ы бала. Қазір «ҚазАвтоЖол» мамандары қатынасты қалыпқа келтіру үшін жұмысты үздіксіз жүргізіп жатыр.

Ал «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірдегі барлық жолдарда тәулік бойы кезекшілік атқарып, су деңгейіне мониторинг жүргізіп отыр. Облыс көлемінде тасқын салдарынан аудандық маңызы бар 3 жол бұзылып, елді мекендермен қатынас үзілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.