Ақтауда бір ай бойы сусыз отырған халық жолды жапты. Тұрғындардың жолды жапқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Тұрғындар Ақтауда төтенше жағдайдың бар екенін айтуда. Бір ай бойы су кесте бойынша берілген, алайда соңғы күндері су мүлдем болмаған.
Маңғыстау облысы әкімінің чатына күн сайын тұрғындардан пәтерлерінде ауыз судың жоқтығы туралы жүздеген ашулы шағымдар түсіп жатқан көрінеді.
Алайда, әкімдік тұрғындарға құзырлы өкілдерін жіберуге уәде берген.