Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолмановадан тәркіленген миллиондар желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік тергеу жүріп жатқанда судьяның телефонмен кімге хабарлама жазып отырғанын түсінбей дал.
Желі қолданушылары Медеу аудандық сотының экс-судьясы ұсталған сәтіндегі суретті қызу талқылап жатыр. Онда тергеуші топ доллар санап жатқанда судьяның телефон ұстап отырғанын көруге болады. Желі қолданушылары оның WhatsApp-та біреумен SMS жіберіп жатқанын байқап қалған. Тергеушінің қандай себептермен оған тыйым салмағанын көпшілік түсіне алар емес.
Оқиғаға пікір білдірген Алматы қалалық соты парамен ұсталған судьяның қамауға алынғанын растады. Светлана Жолманованың судьялық өкілеттілігі Жоғарғы сот төрағасының бұйрығымен тоқтатылды.
Ведмство мәліметінше, судьяның үйінен, көлігінен ақша табылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Тінту кезінде тек сот кеңсесінен ғана 10 000 доллар тәркіленген.
Алматы қалалық соты жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартуға қатысты прокуратураға арыз түсірген.