
Атыраулық бард Табылды Досымовтың көзі тірісінде пайдаланған «Волга» көлігі үйінің ауласында тұр. Енді ескі көлікті реставрациядан өткізу жоспарланған, деп жазды KAZINFORM.
Табылды Досымов — Индер ауданының тумасы. Ол әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіргенімен, қазақтың талантты ақындары Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Есенғали Раушанов, Светқали Нұржановтың өлеңдеріне бірнеше ән жазған. Сөзін де, әнін де өзі жазып, гитарамен орындаған төл шығармалары көп.
Қазір танымал композитордың «Ұнатамын мен сені», «Биіктік», «Сәйгүлік» әндері жиі орындалады. «Атыңды сенің айтамын ән қылып неге?», «Қозым-ау» деші күлімдеп Баяндай маған, Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме, Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам…» деп жырлаған Табылды Досымов 45 жасында өмірден өтті.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың айтуынша, ақын әрі композитордың шығармашылығын дәріптеу, жас ұрпаққа кеңінен насихаттау көзделіп отыр.
— Биыл қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толады. Осыған орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің тапсырмасымен ақын мінген «Волга» автокөлігі реставрациядан өтетін болады. Бұл игі істі облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевпен бірге жүзеге асырамыз, – дейді Дарын Шамұратов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Алғыс айту күнінде өзге этностың баласы «Ерке сылқым» күйін тартып бергенін жазған едік.
Фото: Дарын Шамұратов
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025