Біз
әлеуметтік
желіде
26-05-25 |
600 рет қаралған
Талдықорғанда қонақ үй әкімшісін өлтіріп кетті.
Талдықорғанда қонақ үй әкімшісін өлтіріп кетті

24 мамыр түнде Талдықорған қаласындағы Paradise Villa қонақ үйінде өрт шықты. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 42 жастағы әкімші әйелдің денесін тапты.

Жәбірленушіге 12 пышақ жарақаты салынған. Алдын ала болжам бойынша, қылмыскер қылмыс іздерін жасыру үшін ресепшн аумағын өртеп жіберген.

Өрт таңғы 04:14 шамасында басталып, 20 шаршы метр аумақты қамтыған. Тілсіз жау 15 минут ішінде сөндіріліп, оның барысында ішінде бір бала бар 35 адам эвакуацияланған.

Осы күні күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

«Ізі суымай тұрып 23 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.