Алматы облысы Талғар ауданы әкімі мен орынбасары қызметінен босатылды.
Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Еске сала кетейік, жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі 4 қазанға қараған түні жасалған болатын. Бастапқыда полицейлер оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталды деп мәлімдегенімен, кейін марқұмның ата-анасы бәрі бірдей ұсталмағанын хабарлады. Арада бір апта уақыт өткенде белгісіз біреулер марқұмның үйін өртеп жіберді.