arasha.kz

Талғарда әйелді зорлаған күдіктіні ұстау үшін жолдарға блок-бекеттер қойылды

Алматы облысының полиция департаменті қашқында жүрген күдіктіні ұстау үшін жолдарға блок-бекеттер қойылғанын мәлімдеді.

«Зорлау бойынша күдікті азамат К уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті. Осыған байланысты «Сирен» жоспары енгізілді. Негізгі бағыттарда тосқауылдар қойылып, барлық күш пен ресурстар қашқынды тауып, ұстауға бағытталуда. Сонымен бірге қашудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы облысы Талғар қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан (УВС) адам зорлады деген күдікті қашып кеткені хабарланған.

Exit mobile version