09-03-25 |
550 рет қаралған
Таразда блогер бопсалау күдігімен ұсталды.
Таразда блогер бопсалау күдігімен ұсталды

8 наурыз күні Тараз қаласында «Болашақ плюс KZ» қоғамдық бірлестігінің өкілі Абай Жүндебаев ұсталды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы спорт кешені директорынан 2 500 000 теңге бопсалау және оны қорқытып-үркіту фактісі туралы жедел ақпарат алған.

Пара алу кезінде Тараздың екі тұрғыны – Ахметжанов пен Кенесариев ұсталды. Олар өз кінәсін мойындап, тергеуге көмектесуге келісім берген.

Ұсталғандардың бірі параны үшінші тұлға – блогер Абай Жүндебаевқа оның үйіндегі сарайда берген. Ол Facebook әлеуметтік желісінде әшкерелейтін жазбалар жариялап, осыны шантаж құралы ретінде пайдаланған.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы «Бопсалау» бойынша қозғалды. Бұл бап айыппұл салу немесе мүлкін тәркілей отырып, төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.