![Тараздағы перзентханалардың бірінде жүкті әйел асылып қалған](https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/04/5367d38e6a360c21c8faf6a05b65c004.jpeg)
Осы жылдың 9 сәуірінде Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының перзентхана палатасында жүкті әйел асылып қалған.
9 сәуірде Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтан перзентхана палатасының жуыну бөлмесінде 33 жастағы жүкті әйелдің асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.
«Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оны жүргізу Жамбыл облысы бойынша сот-сараптамалары институтының сарапшыларына тапсырылды», – делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025