arasha.kz

Тараздағы перзентханалардың бірінде жүкті әйел асылып қалған

Осы жылдың 9 сәуірінде Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының перзентхана палатасында жүкті әйел асылып қалған.

9 сәуірде Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтан перзентхана палатасының жуыну бөлмесінде 33 жастағы жүкті әйелдің асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.

«Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оны жүргізу Жамбыл облысы бойынша сот-сараптамалары институтының сарапшыларына тапсырылды», – делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Exit mobile version