arasha.kz

Тас лақтырған жастар жазасыз қалмайды – Шымбұлақ басшылығы

Шымбұлақта түсірілген видео желіде талқыланып жатыр. Белгісіз себептермен бұзақылар аспалы вагонмен көтеріліп бара жатқан кабиналарға тас лақтыра бастады.

Бұл оқиғаға қатысты «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов былай деп түсіндірді:

«Бүгінгі күні мәдениет пен сыйластықтан айырылған кейбір жастардың ашық айуандыққа барғаны ашуыңды келтіреді. Бүгін мен бір топ мәдениетсіз жігіттің кабинаға тас лақтырып, боқауыз сөз айтып жатқан видеосын көрдім.

Ішінде біздің елдің қонақтары болуы мүмкін екенін олар мүлде ойламайды. Олардың салдарын ойламай, өзгенің мүлкіне зиянын тигізетініне мән бермейді. Мұндай ұятсыз әрекетке куә болған турист не ойлайды? Бұл адамдар белгілі бір адамға немесе затқа қарсы қылмыс жасап қана қоймай, ұлттық имиджімізге нұқсан келтіруде. Бұл «жастардың қателігі» емес, ұлт үшін масқара.

Бұзақылық жазасыз қалмайды! Шешуші әрекетсіз біз қоғамымыздағы деградацияның тамырына балта шабуға жол беріп жатырмыз және бұған жол беруге болмайды. Құқықтық тәртіп біздің елімізде мәдениет пен адамдық ар-намыстың сақшысы болуы керек!», – деді ол.

https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/10/gluboko_vozmushhaet_kak_segodnja_nekotorye_molodye_ljudi_utrativshie.mp4
Exit mobile version