16-07-24 |
4880 рет қаралған
Тауда мотоцикл жүргізушілерін ұрғандар қамалды.
Тауда мотоцикл жүргізушілерін ұрғандар қамалды

Қарасай аудандық полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге шабуыл жасаған үш күдіктіні ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар мотоцикл жүргізушілерін малдарын үркіткені үшін қамшының астына алған.

«Бір топ адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, істің жан-жақты, толық және объективті түрде жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – делінген облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде тауда жылқыға мінген ер адамның мотоцикл мінген адамдарды қамшымен ұрып жатқан видеосы тараған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.