2025 жылдың 28 наурызында Мьянмада 7,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Оның дүмпулері көршілес елдерде, соның ішінде Тайландта да сезілді. Алайда «Туристік Қамқор» қорының мәліметінше, елдің танымал курорттарында – Пхукет, Као-Лак, Краби, Паттайя, Хуахин, Районг, Ко-Чанг және Самуиде – жағдай тұрақты, бұл аудандарда жер асты дүмпулері тіркелмеген.
Бангкок әуежайы уақытша ұшып-қону рейстерін тоқтатқан, бірақ қазір қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Қазіргі таңда Тайландта 4457 қазақстандық турист бар. Қорға немесе туроператорларға эвакуациялау туралы өтініштер түспеген. Сондай-ақ, Қазақстан елшілігіне де жер сілкінісіне байланысты қазақстандықтардан ешқандай шағым келіп түспеген.
Дегенмен, Бангкокта тұратын қазақстандықтардың бірі жер сілкінісі салдарынан тұрғын үй кешенінде жарықтар пайда болып, төбенің опырылып түскенін хабарлады. Тұрғындар өз пәтерлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Жер сілкінісі ғимараттарға айтарлықтай зиян келтірген.