23-03-24 |
12990 рет қаралған
Тәжікстан СІМ-і Мәскеудегі терактіге қатысты мәлімдеме жасады.
Тәжікстан СІМ-і Мәскеудегі терактіге қатысты мәлімдеме жасады

Бұған дейін Крокус-Сити кешенінде болған текрактіге қатысты Тәжікстанның екі азаматы ұсталғаны хабарланған. Көп ұзамай Тәжікстан СІМ-і мәлімдеме жасады.

«Мәскеудегі «Крокус Сити» концерттік кешенінде орын алған терактіге байланысты біз осы әрекетке Тәжікстанның немесе Тәжікстан азаматтарының қатысы бар деген болжамды ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аударамыз.

Біз тәжік тарапының Ресей билігінен қазіргі уақытта тәжік азаматтарының қатысы бар деген жалған ақпараттың расталмағанын атап өтеміз. Осыған байланысты ресейлік мемлекеттік органдар таратқан ресми ақпаратқа сүйенуіңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ тексерілмеген және сенімсіз ақпаратты тарату қазіргі уақытта елден тыс жерде жүрген Тәжікстан азаматтарына зиян тигізетіні айтылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.