01-07-19 |
2860 рет қаралған
Теңіздегі оқиға: Ливан Қазақстаннан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.
Теңіздегі оқиға: Ливан Қазақстаннан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті

Ливанның Қорғаныс министрі Ілияс Бу-Сааб Қазақстан билік өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп, Теңізде болған оқиғаны айыптаған. Бұл туралы informburo.kz сайтына сілтеме жасап Жас Алаш жазады.

Ливандық NNA агенттігінің мәліметінше, Ливан қорғаныс министрі Ілияс Бу-Сааб Теңіз кенішінде болған оқиғаны айыптай отырып, Қазақстан билігінен ливан диаспорасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен.

Ал, Ливан және Иордания билігі Теңіз кенішінде болған жанжалда зардап шеккен шет ел азаматтарының қазір қауіпсіз жерде екенін айтқан. Мәліметке қарағанда, қазір зардап шеккендерді елдеріне әкетуге дайындалып жатыр. Жискар әл-Хури MTV телеарнасына берген сұхбатында оқиғадан зардап шеккен ливандықтардың жағдайы соншалық ауыр емес екенін айтқан.

Ал, Иордания сыртқы істер министрі Айман Сафади қазіргі уақытта иорданиялық жұмысшылар орналасқан қонақ үйге күзет қойылғанын айтқан.

Айта кету керек, Ливанның Қазақстандағы елшісі Жискар әл-Хури бүгін, яғни, 1 шілдеде Қазақстан сыртқы істер министрімен кездесіп, Теңіз кенішінде 29 маусымда болған оқиғаны талқыламақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.