Талдықорғанда ТЖ қызметінің қызметкері тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде биіктіктен құлап кеткен.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда өрт сөндірушінің баспалдақпен үшінші қабатқа көтеріліп, жанып жатқан пәтерге терезе арқылы кірмек болған сәтте құлап кеткені көрінеді.
– Саты теңселіп тұрды, ол үшінші қабаттан құлап кетті. Есінен танып қалды. Байғұс, бірдеңесін сындырып алған сияқты, – дейді видеоны түсірген адам.