Біз
әлеуметтік
желіде
29-05-25 |
550 рет қаралған
«Телефон үшін тұншықтырған»: Түркістан облысында оқушы жанжалдан кейін сабақ үстінде көз жұмды.
«Телефон үшін тұншықтырған»: Түркістан облысында оқушы жанжалдан кейін сабақ үстінде көз жұмды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жұмысшы ауылында 12 жастағы оқушы сабақ кезінде көз жұмды. Оның анасы Гүлмира Кенжееваның айтуынша, ұлын сыныптасы телефон үшін жанжал кезінде тұншықтырып өлтірген. Оқиға болған сәтте сыныпта мұғалім болмаған.

Қайғылы жағдай 7 ақпанда орын алған. Сабақ үстінде оқушылардың бірі телефон әкеліп, соны Ұлағат тартып алған. Осыдан кейін жанжал туындап, қарсы оқушы оны ұзақ уақыт тұншықтырған. Балалар Ұлағатты құтқаруға тырысқанымен, мұғалім көмектеспеген.

Марқұмның анасы мектеп пен құқық қорғау органдарының әрекетіне наразы. Айтуынша, кінәлі баланың ата-анасына тек айыппұл салынған. Ол күйеуінен кейін ұлын да жоғалтып, қазір төрт баласын жалғыз өсіріп отыр.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.