![Телеграм админі оқырмандарына суицидке бағытталған команда жіберген – прокуратура](https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/10/7e013340d185d7137298c6a191758bf44cb8eaf5.jpg)
Алматы прокуратурасы өз-өзіне қол жұмсау контентінің қолжетімділігін шектегендерін мәлімдеді.
«Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары күйзелістік контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады. Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды», -деп хабарлады прокуратура.
2024 жылы 23 қыркүйекте сот, Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды.
Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.
Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025