Теміртау қаласында кәмелетке толмағандар өздерін электрикпіз деп таныстырып, жалғыз тұратын қарттың үйіне кіріп, оны соққыға жыққан және болған жағдайды видеоға түсірген.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, барлық кәмелетке толмағандар анықталып, заңды өкілдерімен бірге Теміртау қаласының шығыс полиция бөліміне жеткізілген.
«Аталған факті бойынша 29 наурызда қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.