
Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті.
Оқиға 5 наурыз күні сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде орын алған.
«ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды», – деді ССЕР компаниясының өкілі Орақ Бисембиев.
Тілсіз жаузды ауыздықтауға «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техниканың жұмылдырылғаны белгілі болды.
Қызыл жалын жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық сөндірілді Ведомство өкілінің сөзінше, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025