Біз
әлеуметтік
желіде
06-03-21 |
2680 рет қаралған
Теңіз кенішінде 5 автобус өртенді.
Теңіз кенішінде 5 автобус өртенді

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті.

Оқиға 5 наурыз күні сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде орын алған.

«ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды», — деді ССЕР компаниясының өкілі Орақ Бисембиев.

Тілсіз жаузды ауыздықтауға «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техниканың жұмылдырылғаны белгілі болды.

Қызыл жалын жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық сөндірілді Ведомство өкілінің сөзінше, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.