25-03-24 |
7470 рет қаралған
Теракт жасағандар 2,4 млн теңгеге келіскен.
Теракт жасағандар 2,4 млн теңгеге келіскен

«Крокус сити холлға» шабуыл жасаған лаңкестер бұрын айтылғандай әрқайсысына емес, барлығына 500 мың рубль алуы керек болған.

Бұған дейін күдіктілердің бірі Шамсидин Фаридуни ұсталған кезде бірден жауап алу барысында 500 мың рубль (2,4 миллион теңге) көлеміндегі қаражатқа келіскендерін айтқан. Бұл сома әрбір қылмыскерге емес, жалпы төленетін қаржы сондай болып шықты.

«Известия» газетіне сұхбат берген сарапшы «Крокус сити холл» ғимаратына шабуыл жасауға қатысқан екі лаңкес Түркияға барған кезде нұсқау алған болуы мүмкін екенін айтқан. Терактінің қалған қатысушылары табылған және Ресей аумағында жасалған өзге қылмысқа қатысы бар болып шықты.

Крокус Сити Холлға шабуыл жасаған қылмыскерлерді классикалық мағынада ұйымдасқан террористік ұяшық деп атауға болмайды – ол ешқандай құрылым аясында болған жоқ, бірақ лаңкестік әрекеттен бірнеше апта бұрын түзілген, деп түсіндірді «Известия» газетінің тағы бір сұхбатшысы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.