Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына барып, эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. Қ. Тоқаевтің халықпен кездесуінен бейне үзікті президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Онда Қ. Тоқаев елге басу айтып жатты.
-«Қаланы қалпына келтіреміз, бәрі жақсы болады, шыдаңыздар. Бұл төтенше жағдай, апат. Қайтеміз? Солай болады кей бір уақытта. Үкімет қаражат береді, көмектеседі. Бәрі жақсы болады», -деді президент Қ. Тоқаев.
Мемлекет басшысынан тұрғындар: «Үй беріле ме? -деп сұрағанда, президент бұзылған үйлерге жөндеу жұмыстары жасалатындығын айтты.
-«Үкімет қаражатты санайды. Қанша керек? Одан кейін қаражатты бөлеміз. Жөндеу жасап береміз», -деген Тоқаев халыққа сол үшін арнайы Арысқа келіп отырғанын жеткізді.
Президенттің сөзін тыңдаған халық оған рахмет айтысып, қол шапалақтfп жатты.
-«Балаларға қатысты айтар болсақ, Ақмола және Павлодар облыстары балалар көрген қорқыныштарынан айығып, демалу үшін өздеріне алуға ұсыныс тастап жатыр. Барлығы жақсы болады. Барлық сұрақтарды мен өз бақылауыма аламын», -деді Қ. Тоқаев.