Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтаған.
Жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді.
Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.