23-07-24 |
4230 рет қаралған
Түркістанда мешітке масаң күйде кіріп елдің телефонын ұрлаған азамат ұсталды.
Түркістанда мешітке масаң күйде кіріп елдің телефонын ұрлаған азамат ұсталды

Түркістан облысының тұрғыны Шымкенттегі мешіттердің бірінде ұялы телефон ұрлаумен айналысқан. Ол бір күнде екі азаматты гаджетсіз қалдырып, бір кішкентай баланың ұялы телефонын алдап иемденген.

Полиция оны мас күйінде кезекті рет ұрлық жасаған кезде ұстады. Тәртіп сақшылары телефондарды заңды иелеріне қайтарды.

Ұсталған ер адамға қатысты тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері қалта ұрлығы адамдар көп жиналатын орындарда: базар, сауда орталықтары, автобустарда және т.б. жерлерде жасалатынын ескертеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.