02-06-21 |
1570 рет қаралған
Түркістандық әйел ұлын 7 миллион теңгеге саудалаған.
Түркістандық әйел ұлын 7 миллион теңгеге саудалаған

Түркістанда туған баласын саудалап тұрған көкек ана ақша санап тұрған кезінде полиция қолына түсті.

Әйелдің әрекеті арнайы операция барысында әшкереленді. Күдікті Төлеби ауданының тұрғыны. Саудаланған сәби  ауруханаға тексеріс үшін жатқызылды.

«Ұлын сатқысы келген Е. есімді азаматша қазіргі уақытта ұсталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді Түркістан прокуроры Ғалымжан Оңалбек.

Белгілі болғандай, әйел сәбиді 7 млн теңгеге сатуды жоспарлағаны анықталды. Шарт нотариалды түрде рәсімделуі керек еді, бірақ заңгер басқаша шешім қабылдаған. Алдымен ол оны сендіруге тырысқан, содан кейін оның ниеті жайлы Құқық қорғау органдарына хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.