Желіде қазақтарды балағаттап жатқан видео полицейлердің назарына ілікті. Ақмола облысының тұрғыны ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Желіде тараған видеода ер адам қазақтарды «Мамбет» деп атап, боқтап жатыр. Осы кезде «сөйлеушіге» арандату сұрақтарын қойған басқа адамның дауысы естіледі.
Құқық бұзушы ұсталды. Полицейлер оның «батылсыну» кезінде мас болғанын анықтады.
«Ол әдепсіз сөздер айтты, адамдарды ұлтына қарап балағаттады. Әдепсіз сөздер айту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, әкімшілік іс қозғалды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
Ақмолалық қазір сотты күтіп отыр: ол түрмеге жабылуы мүмкін, бірақ заң бойынша айыппұлмен құтылып кетуі де мүмкін.