Оқиға FlyArystan әуекомпаниясының №7169 рейсінің бортында болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бала диспансерлік есепте тұр. Тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған бала Алматы – Орал бағыты бойынша жүрген рейсте еді.
«Жолаушы ретінде ұшақ бортында болған облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері баланың жағдайын және алғашқы реанимациялық көмекті дереу бағалаған. Медициналық қолдау көрсетілді. Баланың жағдайы тұрақталды», – деп мәлімдеді ведомствода.
Ал Орал әуежайында баланы жедел жәрдем бригадасы күтіп алған.