17-07-24 |
5050 рет қаралған
Ұшақта шу шығарған ресейлік қамауға алынды.
Ұшақта шу шығарған ресейлік қамауға алынды

Тараз қаласының әуежайына «Дакка-Внукова» бағытындағы әуе рейсі  ұшып келгеннен кейін желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, әуекомпания өкілдерінің актісі бойынша рейстен түсіріп алды.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматын анықтады.

Ер адам ұшу кезінде масаң күйінде болып, экипаждың талаптарын орындамаған және әуеакомпания қызметкерлерін балағаттаған. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі шеккен.

Ресейлік азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін 23 АЕК мөлшерінде айыппұл салына отырып және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен шетел азаматы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.