arasha.kz

Ұшақта жолаушының сөмкесі өртенді

Ақтауға ұшып бара жатқан ұшақ жүксалғыштағы өртке байланысты Астанаға қайтып оралды.

Оқиға 23 ақпанда FlyArystan әуе компаниясының FS 7375 рейсімен Астана – Ақтау бағыты бойынша ұшу кезінде орын алды.

Ұшақ ұшу нүктесіне қайта оралып, қалыпты режимде қонды. Бортта 182 жолаушы болған. Белгілі болғандай, әуе кемесінің жоғарғы жүксалғыш бөлігінде жолаушылардың бірінің рюкзагы өртенген.

Өртті бортсеріктер жедел түрде сөндірді.

«Рейс Астана уақытымен 17:10-ға ауыстырылды. Барлық жолаушылар билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтару құқығына ие», – деп хабарлады әуе компаниясы.

Ережеге сәйкес, портативті қуаттау құрылғысын (power bank) тек қол жүгімен алып жүруге болады, сондай-ақ оның қуаты 160 Вт/сағ аспауы тиіс. Толық ақпарат – компания сайтында.

Фото: FlyArystan

Exit mobile version