24-05-24 |
7010 рет қаралған
Ырғыз ауданында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда.
Ырғыз ауданында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда

ТЖМ Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы су тасқыны жағдайына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Ақпаратқа сәйкес қазір Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда. 

«Тәулігіне  5150 қап және 164 тонна инертті материалдар төселді. Құтқарушылар топтары және ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері жұмыс жасауда»,- делінген хабарламада.

Жайсаңбай ауылына көмек көрсетуге заттарды тасымалдау үшін қосымша шынжыр табанды тартқыш техника жіберілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.