23-03-19 |
3360 рет қаралған
Өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарам деп суға батқан полицей көп балалы отбасының жалғыз асыраушысы болған.
Өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарам деп суға батқан полицей көп балалы отбасының жалғыз асыраушысы болған

Атырауда өз-өзіне қол салмақ болып, көпірден өзенге секірген әйелді құтқармақ болып суға батып қайтыс болған полицей жиырма төрт жастағы жас жігіт Шалқар Ақымғалиев көп балалы отбасының жалғыз асыраушысы болған.

Суицид оқиғасн кездейсоқ көрген қала тұрғыны полицияға қоңырау шалған. Оқиға әрі қарай былай өрбіген: Оқиға орнына бірінші жеткен патрульдік полиция сержаны Шалқар Ақымғалиев ойланбастан  мұздай суға түскен. Шалқарға көмекке өзімен бірге бөренені алып суға түскен полиция кіші лейтенанты Рүстембек Сүндетов ұмтылған. «Суға батқан адамға жеткен кезімде Шалқар ағысқа төтеп бере алмай батып кетті. Әйелді құтқару маңызды болды. Оның үстіне әйел «ол мен үшін өлді» деп айқайлап, есті шығарды», – деп еске алады Рүстембек Сүндетов. Ал ажалдан құтқарылған Батыс Қазақстан облысының тумасы жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілген. Ал Рүстембектің әріптесін өз бетінше іздеуі еш нәтиже бермеген. 3 градус мұздай суда сіңірі тартылған 30 жастағы кіші лейтенант Сүндетов жағаға өзі жүзіп жеткен. 00-50-де Шалқар Ақымғалиевтің мүрдесі оқиға орнынан  төмен жақтан табылып, жағаға шығарылды.

«Шалқар Ақымғалиев көпбалалы отбасының жалғыз асыраушысы. Бойдақ, 1 сәуірде 25 жасқа толатын еді. Отанына 5 жыл бойы адал қызмет етіп келе жатқан  ол суға батқан әйелді құтқарамын деп өз өмірін қиды. Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза болған азаматтың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», – деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.